Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Түзеу мекемесіндегі кезекшінің қызметі қандай?

Түзеу мекемесіндегі кезекшінің қызметі қандай?

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде ең маңызды қызметтің бірі – кезекші бөлімінің қызметі. Мекеменің кезекші қызметінде төрт қызметкер ауысыммен қызмет атқарады. Олар күнделікті жұмыс барысында мекемеде жазасын өтейтін сотталғандарды  тәулік бойы бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ құқық қорғау тәртібін қалыптастыруды жүзеге асырады.

Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, сотталғандардың мекеменің ішкі тәртіп ережелерін сақтауын және олардың жазаны өтеу режимін сақтауын қадағалайды. Құқық бұзушылық фактілерін анықтайды және мекеменің қалыпты қызметін ұйымдастыруға жауап береді.

Сонымен қоса кезекші қызметі сотталғандардың қашуының, бағынбауының, өзіне қандай да бір зақым келтірудің, бұзақылық әрекеттердің, өзге де қылмыстардың және режимді бұзудың алдын алу және жолын кесу жұмыстарының алдын алады. Мекемеге сот үкімімен жазасын өтеуге жіберілген сотталғандарды қабылдауға және сотталғандарды этаптау және босату кезінде қатысады.

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 143-бабына сәйкес сотталғандарға қосымша нұсқаулықтар жүргізіп отырамыз. Тыйым салынған заттарды мекеме аумағына алып өтуге болмайды. Қызмет бабында ол үшін тәртіптік жаза қолданатындығын назарларына жеткізіп отырамыз»,- дейді мекеме бастығының кезекші көмекшісі әділет капитаны Сұлтан Айғара.
21 қазан 2021 ж. 88 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области