Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Облыс прокуроры түзеу мекемелерін аралап көрді

Облыс прокуроры түзеу мекемелерін аралап көрді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының прокуроры Нұрлан Бижанов ЗК 169/1 (тергеу изоляторы), ЗК-169/5( қауіпсіздігі аралас) мекемелерін аралап, жұмысымен танысты. Бұл туралы ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда түзеу мекемесінің аумағында тоғыз кәсіпкер тротуар плиталарын, газ блоктарын және төсемтастар шығару бойынша өндіріс ұйымдастырған. Сонымен қатар «Еңбек-Қызылорда» РМК кірпіш шығару, түрлі металл және темір бетондарын жасау, сондай-ақ тігін өнімдерін (орамал, жастық қабы, сотталғандардың арнайы киімдері, т.б.) шығару орындары да бар.
Мекемеде еңбекке қабілетті сотталғандардың 82 пайызы жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 138 жазасын өтеуші «Еңбек-Қызылорда» РМК-да, 101 сотталушы мекеменің шаруашылық жұмыстарына, 210 айыпталушы жеке кәсіпкерлерге жұмыс істейді.
Аталған өндіріс орындарымен танысқан облыс прокуроры жеке қабылдау өткізіп, ҚАЖ департаментінің басшысына бірқатар тапсырмалар берді.

23 мамыр 2019 ж. 433 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области