Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » НАУРЫЗ ТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ

НАУРЫЗ ТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ


Табалдырығымыздан енген жаңа жыл мерекесі, әз-Наурыз аймақта бір ай бойы тойланады. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен тергеу изоляторы мен түзеу мекемесі және «Еңбек-Қызылорда» РМК арасында наурыз мерекесіне арналған мерекелік шара болып өтті. Оған ҚАЖ департаментінің, ЗК-169/1 және ЗК-169/5 мекемелерінің қызметкерлері мен сала ардагерлері қатысты.
Мерекені салтанантты түрде ашқан ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Ғ.Отарбаев қызығынан қиындығы көп қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерін Ұлыстың ұлы мерекесімен құттықтады. Бүкіл Шығыс халықтарына ортақ мерекенің шығу тарихы мен мән-жайына кеңінен тоқталды. Мұнан соң Наурыз мерекесіне арнайы шақырылған ҚАЖ департаментінің ардагерлері ақ тілектерін айтып, бата берді. Тоқшылықтың басы, береке бастауы – жеті түрлі дәмнен жасалған Наурыз көже таратылып, мерекелік шашу шашылды.
Бір қызығы, мерекеде ЗК-169/5 мекемесінің ұжымы ұмытылып бара жатқан «Тобық тығу» дәстүрінен керемет қойылым қойып қойды. Осылайша, олар салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртқандай болды. Бұған қоса, ЗК-169/1 мекемесінің ұжымы мекеме қызметкерінің қызы Арайлымның тұсауын кесті. Бұл тойға үлкен дайындықпен келген оның әжесі кішкентайдың тұсауын осы мекеменің абыройлы да ақ жаулықты анасы Қарлығаш апаға кестіріп, тұсау кесер тойына шашу шашты.
Наурыз тойы кезеңінде ҚАЖ департаменті және тергеу изоляторы мен түзеу мекемелері арасында ұйымдастырылған салт-дәстүрден көрініс қою, ұлттық нақышта киіну, киіз үйдің жабдықталуы, спорттық түрлі жарыстар да мерекенің ажарын аша түсті. Осы ұлттық нақышта киіну, киіз үйдің жабдықталуын бағалаған әділқазылар – ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет майоры Т.Тұрсынбаев, ҚАЖ департаментінің ардагерлері жеңімпаздарды анықтады.
Олар сайыс барысында мекеме қызметкерлерінің ұлттық нақышта киінуі, киіз үйдің жабдықталуына ерекше мән берді. Киіз үйдің жабдықталуы бойынша ақшаңқан киіз үйідің кеңдігімен, шаңыраққа ілінген аспалы шамы, уыққа жағалай ілінген басқұрларының көркемдігімен ерекшеленіп жүлделі «Ең үздік киіз үй» номинациясын ЗК-169/1 мекемесі жеңіп алды. Ал ұлттық нақышта киініп ерекше көзге түскен мекемесінің қызметкері «Ең үздік ұлттық киім» номинациясын ЗК-169/5 мекемесінің қызметкері С.Абрасилов және Қызылорда қалалық пробация қызметінің инспекторы Ж.Исмайлова жеңіп алды.
Наурыз мерекесі әрі қарай спорт жарыстарына ұласты. Ұлттық спорттың қазақша күрес, кір тасын көтеру, арқан тарту, қол күрес түрлерінен сынға түсіп, ептіліктерін көрсеткен жеңімпаздарға да құрмет көрсетілді. Сонымен, көптен күткен мереке де өз мәресіне жетті. Барлық аталымдар бойынша ҚАЖ департаменті мен тергеу және түзеу мекемелері бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Дана ДОСТАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департамені
02 сәуір 2018 ж. 842 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области