Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Республикада Қызылорда облысы вакцинациялау көрсеткіші бойынша алғашқы бестікте

Республикада Қызылорда облысы вакцинациялау көрсеткіші бойынша алғашқы бестікте

Kyzylorda-news.kz.  Облыс көлемінде бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясының 18 639 жағдайы тіркелді. Ауруға шалдыққандардың 70 пайызы клиникалық белгілерімен анықталған. Дегенмен, соңғы 2 айдағы көрсеткіш бойынша коронавирусқа шалдыққандар деңгейі төмендеп келеді.

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова мәлімдеді.

«Бүгінде белсенді ошақтар саны – 418 екені белгілі болды. Оның ішінде үй ошағы – 358, ал ұйымдасқан ұжымдардағы ошақ саны 60-ты құрайды. Облыс тұрғындары арасында вирус таралуының алдын алу мақсатында белгіленген карантин талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу жалғасуда. Облыс көлемінде «Ashyq» жүйесі бойынша үй карантинінде оқшаулану тәртібін бұзған 1 129 азаматты анықтады. Тиісінше «қызыл» статустағы 736 адам, «сары» мәртебедег 398 тұрғындар екені белгілі болды. Біздің эпидемиолог мамандар күн сайын КВИ эпидахуалына арнайы тексерістер жүргізеді. Яғни жас шамасына байланысты індеттің жұқтыру көрсеткіші мен оның себебі қандай екендігін зерделейді. Нәтижесінде коронавирус жұқтырудың жоғары көрсеткіштері жұмыссыздар мен зейнеткерлер және мектеп оқушылары арасында анықталуда. Ал медициналық қызметкерлер, педагогтар, күш құрылымдары қызметкерлері арасындағы індетке шалдығу деңгейі өте төмен. Бұл вакциналаудың коронавирусқа қарсы тиімділігін дәлелдеп отыр», – деді департамент басшысы Динара Олжабайқызы.
27 қазан 2021 ж. 81 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области