Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада инвестиция тарту көлемі өсіп келеді

Қызылордада инвестиция тарту көлемі өсіп келеді

Kyzylorda-news.kz. Биыл өңірге 186 млрд. теңгеден аса инвестиция тартылды. Есепті кезеңде мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, кен өндіру өнеркәсібіндегі инвестиция көлемі 62,2 млрд. теңгені құрады. Индустрияландыру бағдарламасы шеңберіндегі жобалардың жүзеге асырылуы өңдеу өнеркәсібіне оң әсерін тигізіп келеді. Нәтижесінде, сала көрсеткіші 2,6 есеге артқан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев мәлімдеді.

«Өңірдегі бірқатар әлеуметтік салаларға инвестиция тарту көлемі ұлғайды. Атап айтқанда, тамақтану бойынша қызмет көрсету 3 есеге, ақпарат және байланыс 1,7 есеге, денсаулық сақтау саласы 1,2 есеге өсті. 2023 жылға дейін облыстың экономикалық даму жоспары бекітіліп, 404 жобаны жүзеге асыру көзделуде. Сондай-ақ, «Қызылорда облысының инвестициялық мүмкіндіктері» жобасы әзірленді. Сонымен қатар, барлық өңірде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының шағын несиелік мекемесі жұмысын бастап, кәсіпкерлерге жылдық үстемақы 6 пайызбен берілуде. Бұдан бөлек, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 6 инвестициялық жобаға инженерлік инфрақұрылым жеткізу мәселесі пысықталуда», – деді басқарма басшысы Ринат Қалдыбекұлы.
05 қараша 2021 ж. 136 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области