Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды

Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада заңсыз ойын бизнесінің екі ұйымдастырушысына сот үкімі шықты.Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті интернет-казиноны ұйымдастырудың екі дерегінің жолын кесті.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметінің мәліметіне, Қызылорда қаласының тұрғындары Д.Болат пен Қ.Аяхметов үй-жайды жалға алып, оған «Fruit Loto», «Lucky Lady Charm», «Crazy Monkey», «Lucky Haunter» интернет-казино бағдарламалары бар компьютерлер орнатқан.

«Нәтижесінде ойыншылар компьютерлер арқылы бәс тігу мен ұтыстарды алуды іске асырғаны анықталды. Қ.Аяхметовке 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды, Д.Болат 1 жылға бас бостандығы шектеу жазасына тартылды», – делінген мәліметте. Ал алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылған.

08 қараша 2021 ж. 91 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области