«Қарлаң» көпірінің құрылысын бастау үшін конкурс жарияланды
Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында соңғы жылдары ауыл арасындағы жолдар мен елді мекендар арасындағы көшелердің жағдайы жақсарып келеді.
Биыл бөлінген 3,1 млрд теңгеге аудандық маңызы бар 50 шақырым жол мен елді мекенішілік 40 көше жөнделеді.
«Елді мекенішілік жолдарға келетін болсақ, Әйтеке би кентінен 19 көше, Қазалы қаласынан 10 көшеге жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, ауылдық елді мекендегі 11 көше жөндеуден өтуде. Қазіргі таңда 27 көшенің /Әйтеке би кентінде – Р.Бағланова, Әйтеке би кентіне кіре беріс, М.Маметова, Қорқыт Ата орамы, Қ.Ерімбет тұйығы, Дәулеткерей, А.Табынбаев, Привокзальная, Т.Жұмабаев, Жанқожа батыр 3-км көшелері, Н.Бекежанов, Жақсыбаев, Айбосынов тұйығы, Ә.Марғұлан, Сартай батыр, Ахметов тұйығын орташа жөндеу, Ақтан батыр ауылында – Б.Момышұлы көшесі, Бірлік ауылында – Жанқожа батыр көшесі, Қ.Пірімов ауылы – Ғ.Мұратбаев бұрылысы, Абай ауылында – Абай ауылына кіре беріс автомобиль жолы, Сырдария көшесі, Өркендеу ауылында – Сарыкөл, Ж.Байқадамов, Ғ.Мұратбаев, Жылуан көшелері, Жалаңтөс батыр ауылында – Қызылой, Ә.Мекешов көшелері/ жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді», – дейді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.
Сонымен қатар, өткен жылдан бастап қала мен кенттің екі аралығындағы жолды кеңейту жұмыстары басталған. Қазіргі таңда 2 темір бетон көпір мен 2 су өткізгіш құбырлар қайта жаңғыртудан өткізіліп, жолдың негізігі қабаты күшейтілуде.
Аудан басшысы осыдан 3 жыл бұрын басталған Кәукей ауылына баратын автомобиль жолын жөндеу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.
Сонымен қатар, «Қарлаң» көпірінен Қожабақыға дейінгі, Қазалы қаласы мен «Әлсейіт» көпіріне дейінгі жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілген.
«Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тапсырысымен «Қарлан» көпірінің жоба сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Қазіргі таңда республикалық бюджеттен құрлыс жұмыстарын бастауға 1,0 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Биыл жоба құны 233,0 млн теңгені құрайтын «Әйтеке би-Басықара» аудандық маңыздағы автомобиль жолының бойындағы темір бетонды көпірді қайта жаңғырту үшін республикалық бюджеттен 93 млн теңгесі бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде», – дейді Мұхтар Әуесұлы.
Бұдан бөлек 9 көпірдің техникалық жағдайы нашар екені анықталып, жоба алды іздестіру жұмыстары жүргізілген.
Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев