Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада кәсіпкерлердің саны 5,6 пайызға артты

Қызылордада кәсіпкерлердің саны 5,6 пайызға артты

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді. Өңірде кәсіпкерлердің саны 5,6 пайызға, өндірілген өнім көлемі 11,7 пайызға артқан. Қызылорда облысы кәсіпкерлік саласы бойынша алғашқы үштікте. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бекішов мәлімдеді.

«Шағын және орта бизнес саласын дамыту бағытында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде, өңірде бизнестің экономикадағы үлесі артып келеді. Жалпы шағын және орта бизнестің өңірлік өнімдегі үлесі 15 пайызды, ал орта бизнестің үлесі 3,1 пайызды құрады. Сондай-ақ, биыл мемлекеттік бағдарламалар аясында 2 592 жобаға өтеусіз гранттар берілді», – деді Талғат Болатбекұлы.
11 қараша 2021 ж. 160 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области