Қызылордада полицейлер Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Полиция департаментінде «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовты еске алу күніне арналған іс-шара өтті.
Іс-шараға Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы, жеке құрамы,ішкі істер органдарының ардагерлері, ҚР Ұлттық ұлан №5547 әскери бөлімінің және Қызылорда облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері қатысты.
Акцияқызмет бабында қайтыс болған полиция қызметкерлеріне арналған ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін батырды бір минут үнсіздікпен еске алып, үш дүркін атысболды.
«2011 жылғы 12 қараша күні Қазақстан полициясының тарихына «Халық қаһарманы» Ғазиз Әбдібекұлы Байтасовтың қайғылы қаза болған күні ретінде енді. Ол қарулы қылмыскердің жолын бөгеп, гранатаны жаруға дайындалған жанкешті террористі өзінің денесімен жауып, өз өмірінің құнымен азаматтарды қазадан қорғап қалған. Осы қайғылы оқиғадан бері 10 жыл өтті. Алайда, ол әріптестерінің ғана емес, бүкіл қоғамның жадында қалды. Ғазиз Байтасовтың есімі Қазақстан полициясының тарихына мәңгі «алтын әріптермен жазылды». Оның ерлігі барлық ұрпақ үшін батырлықтың, Отанға және өз халқына деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі болады. Батырдың ерлігі әр полиция қызметкерінің жүрегінде мәңгі сақталады!», – дейді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.