Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Полиция департаментіндегі істің 90 пайызы электронды форматта жүргізілуде

Қызылорда: Полиция департаментіндегі істің 90 пайызы электронды форматта жүргізілуде

Kyzylorda-news.kz. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының негізінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының шеңберінде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда қылмыстық істерді тергеу санаттарына қарай кезең-кезеңімен электронды форматта жүргізуге көшірілді.

Электрондық қылмыстық істің артықшылығы қашықтан санкциялау болып саналады. Енді тергеп қамаққа алғанды оған бұлтартпау шарасын белгілеу үшін біршама ара-қашықтықта апарудың қажеті жоқ. Санкциялау үрдісі бейне-конференц байланыс режимінде өтетін болады. Бұл уақыт шығындарын қысқарту, қашу тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді. Сотпен санкцияланатын тергеу әрекеттері де электронды жүргізіліп, уақыт үнемделеді.

Бастысы, қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру өкілеттігі бар қызметкерлерді қылмыстық істі тергеуде тәртіп қалыптастырады. Себебі, электрондық форматта қылмыстық істерді тергеу әрекеттерін уақтылы орындап, оны СДТБТ базасындағы «е-ҚІ» модулінің жүйесіне уақытылы енгізілмесе, оны өзгертуге жол берілмейді. Қандай да бір процестік құжаттарды уақытылы енгізу талап етіледі.

«Осы мақсатта, Қызылорда облысы полиция департаменті бойынша қазіргі уақытта электронды форматта қылмыстық іс жүргізуге мүмкіндік беретін 266 жұмыс орнымен (орг.техника) қамтамасыз етіліп, 100 пайыз қамтылып отыр. Бүгінгі күнге Қызылорда облысы ПД-нің бөліністерінің жалпы өндірісінде болған қылмыстық істердің 87,5 пайызы, яғни 4596 қылмыстық іс электронды форматта жүргізіліп, оның 55 пайызы, яғни 2405 қылмыстық іс өндірістен аяқталған.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық іс жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының шеңберінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен тоқтатылған немесе мерзімі үзілген қылмыстық істер бойынша қабылданған шешімдерді қадағалаушы орган бақылап отырады. Қысқа мерзімде шешім қабылданып, қылмыстық істердің созбалаңға салынуына жол берілмейді.
Қолданысқа енгізілген жаңа Заң аясында прокуратура органдарымен ағымдағы есепті мерзімде 2726процестік шешімдер келісілген», дейді Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре.

Алдағы уақытта электронды форматта іс жүргізу жүйесі азаматтардың қылмыстық құқық бұзушылық туралы шағымдары мен хабарламары тіркелгеннен бастап жүзеге асатын болады.
16 қараша 2021 ж. 144 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области