Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалғызбасты ата-аналарға жеңілдік жасалады: президент тапсырма берді

Жалғызбасты ата-аналарға жеңілдік жасалады: президент тапсырма берді

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда жалғызбасты ата-аналарға қашықтан жұмыс істеуге заң жүзінде рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Президенттің айтуынша, ерлерге қарағанда әйелдерге жұмыс пен бала күтімін қатар алып жүруге тура келеді. Мәселен, әйел декретке шыққанда, кәсіби дағдысы мен машығын жоғалтады. Соның салдарынан көбі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті емес болып қалады.

«Бірақ бәрінен де жалғызбасты ата-аналарға қиын. Оларға ерекше еңбек шарттарын жасау қажет. Заңнамалық деңгейде жалғызбасты ата-аналарға қашықтан жұмыс істеуге және қысқартылған жұмыс режиміне құқық беруді қарастырған жөн. Дамыған елдерде ірі компаниялар өз кеңселерінен балалар бөлмесін ашады. Мұндай практика бізде де қалыпты дүниеге айналуға тиіс», – деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында.

Президент аталған санаттағы жұмысшылардың мүддесін ескеретін еңбек режимін реттеудің тиімді тетіктерін енгізу керек екенін атап өтті. Бірақ еңбек үдерісінің үзілмеуі мен өнімділікті қамтамасыз ету де маңызды, деді мемлекет басшысы.
16 қараша 2021 ж. 107 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области