Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында өндіріс көлемі артты

Қызылорда облысында өндіріс көлемі артты

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында өнеркәсіп өнімі өндірісі  оның ішінде өңдеу саласы сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі көбейген. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өсіп, құрылыс жұмыстары мен пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі де артқан. Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникация қызметінде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова айтты.

Аймақ басшысының айтуынша биыл 2408 пәтерлік 110 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде Байқоңыр қаласында 250 пәтерлік 5 тұрғын үй бар. Жыл аяғына дейін 1608 пәтерлік 94 тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.

«Облыс экономикасына оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі артты. Жұмыс істеп тұрған кен орындарының сарқылуына байланысты мұнай өндіру көлемі қысқаруда. 2007 жылы өңірде ең жоғары өндіру көлемі 11,7 млн. тоннаны құрады. Ағымдағы жылы болжам бойынша 4,2 млн.тонна мұнай өндіріледі. Жаңа кен орындарын іздеу мақсатында биыл Арал теңізі акваториясының «Батыс» және «Шығыс» учаскелерін, сондай-ақ, Сырдария шөгінді бассейні аумағының бір бөлігін сейсмикалық барлау бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталады. 2022 жылы сейсмикалық барлау жұмыстары басталатын болады», – деді Гүлшара Наушақызы.
18 қараша 2021 ж. 85 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области