Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Б.Өтемұратов қоры «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалын салады

Б.Өтемұратов қоры «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалын салады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімдігі «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалын салу бойынша Болат Өтемұратов қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісімнің мақсаты – заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жолаушылар ағымын өткізу қабілетін кеңейтетін жаңа заманауи әуежай терминалының құрылысы. Жаңартудан кейін әуежай сағатына 300 жолаушыға қызмет көрсете алады, бұл жолаушылар ағымын екі есе арттырады. Бұл туралы Орталық коммуникация орталығында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.

Қор жобаны толығымен қаржыландыруды көздеп отыр, оның басталуы 2022 жылға жоспарланған. Жаңа терминал 3,9 гектар аумақта орналасады. Құрылыс аяқталған соң терминал Қызылорда облысы әкімдігінің басқаруына беріледі.

Аймақ басшысының айтуынша, әуежайды кеңейту – көптен бері талқыланып келе жатқан өзекті мәселе.

«Жаңа әуежай құрылысының құны жоғары болғандықтан, біз қолданыстағы инфрақұрылымды кеңейтіп, халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, жаңа терминал салу – ең қолайлы шешім болады деп санаймыз. Меморандум аясындағы Болат Өтемұратов Қорының қаржылық қолдауы бұл стратегиялық маңызды жобаны тез әрі уақтылы жүзеге асыруға көмектеседі», – деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен әуежайды «Ашық аспан» режиміне қосу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Биылғы жылдың желтоқсан айынан бастап «NordwindAirlines» Авиакомпаниясы тарапынан «Санкт-Петербург – Қызылорда – Санкт-Петербург» бағыты бойынша аптасына 1 рейс ашады деп жоспарлануда.
18 қараша 2021 ж. 114 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области