Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Полиция департаментінің бастығы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен​ кездесті

Полиция департаментінің бастығы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен​ кездесті

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.

Үкіметтік емес ұйымдардың қоғамда алатын орны ерекше. Бүгінгі таңда Қызылорда облысының Полиция департаменті 10-ға жуық үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс жасауда.

Бүгінгі ұйымдастырылған кездесуде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы» және Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы ішкі істер органдарының жетістіктері туралы мәселе қаралды .

«Үкіметтік емес ұйымдар мемлекетіміздегі қарқынды дамушы институттардың бірі. Олармен өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіру шеңберінде өткізілген бұл кездесудің маңызы зор. Кездесу барысында қаралған әрбір мәселе жіті назарға алынып, бұл бағытта тиісті шаралар жүзеге асырылатын болады» – деді Сұлтан Бектөре.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері ішкі істер органдары жүйесінде көптеген реформалар болды. Оң өзгерістердің нәтижесі ретінде полицияның сервистік модельге көшуін айтуымызға болады. Әрбір тұрғынның пікірі ескеріле отырып, қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешуге бағытталған полиция қызметінің тиімділігі артады.

Облыс полицейлерімен атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жалпы қылмыс 15 пайызға, қоғамдық орында және көшеде жасалған қылмыс 15 пайызға төмендеді.

«2018-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту» жөніндегі Жол картасы негізінде штаттық бірліктер қысқартылып, полициядан өзіне тән емес функциялар алып тасталды. Босатылған қаражат есебінен қызметкерлердің еңбекақысы көтеріліп, әлеуметтік-материалдық жағдайы жақсарды.

Бүгінгі кездесу барысында осы және басқа да қоғамдық қауіпсіздік, жол қауіпсіздігі, материалдық – техникалық базаның нығайтылуы сынды мәселелер қозғалды.

Осы кездесуде қатысушылар көтерілген мәселелер және алдағы уақыттағы жоспарлар бойынша ұсыныстарымен бөлісіп, пікірлер мұқият талдаудан өткізілді.

Өз кезегінде, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филиалының төрағасы Толоконников Владимир Петрович соңғы уақытта полиция қызметінде байқалатын оң өзгерістерді атап өтіп, Департамент бастығына өз алғысын білдірді.
18 қараша 2021 ж. 80 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области