Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағашта боранды күні жоғалған малшы мен ұлы табылды

Жалағашта боранды күні жоғалған малшы мен ұлы табылды

Kyzylorda-news.kz. 16 қараша күні сағат 09:00 шамасында 41 жастағы азамат және оның 11 жасар ұлы екеуі атқа мініп, Жалағаш ауданының Аққыр ауылынан 80 шақырым қашықтықта орналасқан «Түгіскен» учаскесінде орналасқан фазендаға қарай бет алған. Бірақ, осы уақытқа дейін фазенда басына бармағандығы белгілі болды.

Осы дерекке байланысты жоғалған адамдарды іздестіруге Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы дереу жұмылдырылды. Полицейлерден, Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен еріктілерден арнайы топ құрылып, екі күн бойы жоғалған азаматтарды іздестіру жұмыстары жүргізілді. Ауданның барлық ауылдары, далалық жолдар түгел қамтылды.
Бүгін, іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған әкесі мен ұлы дін аман табылды.

Олар Жалағаш ауданы, Аққыр ауылына қарасты «Бекей» далалық жерден солтүстікке қарай 60 шақырым жерден табылды.

«Іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды. Әкесі мен ұлы қалыңдап жауған қар мен ақ түтік боранның әсерінен келе жатқан жолдарынан адасып кеткен. Үздіксіз жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде олар аман-есен табылды. Аймақ тұрғындарынан дауылды ескерту жарияланған уақытта алыс сапарға шықпауларын сұраймыз. Шаруа қожалықтарының жұмысшылары қыстаулар мен жайылымдардан алыс кетпеуге тырысуы қажет»,- дейді департамент бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре.
19 қараша 2021 ж. 132 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области