Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралдың 62 жастағы тұрғыны суға батып кетті

Аралдың 62 жастағы тұрғыны суға батып кетті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Арал ауданына қарасты Аманөткел ауылында мал суаруға барған тұрғын суға батып кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйнесек, оқиға Арал ауданына қарасты Аманөткел ауылында болған. 62 жастағы азамат ауылдағы «Жасұлан» каналына мал суаруға барған. Сол кезде мұз ойылып кетіп, әлгі адам суға батып кеткен. Тұрғындар судан тек оның денесін шығарып алған. Бұл оқиға төтенше жағдайлар қызметі мен полицияға кейіннен хабарланған.

«Біз тұрғындардан қысқы уақытта мұзда жүрген кезде сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Қауіпсіздікке баса назар аударылуы қажет», – дейді Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова.
22 қараша 2021 ж. 107 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области