Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Учаске»: Қызылордада 9 мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

«Учаске»: Қызылордада 9 мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Kyzylorda-news.kz. «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері отбасында жанжал шығарған 215 құқық бұзушыны ішкі істер органдарының есебіне қойды. Сонымен қатар шара барысында 9 мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Тәртіп сақшылары ішкі істер органдарының профилактикалық және тізімдік есебінде тұрған 550 адамды мекенжай бойынша тексеріп, оларға қылмысты қайта жасамау бағытында профилактикалық әңгіме жүргізді.

Сонымен қатар іс-шара барысында тұрғындардан ішкі істер органдарына тіркелмеген 77 қару тәркіленіп, қару иелеріне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабымен шара қолдану үшін әкімшілік істер сотқа жолданды.

Сондай-ақ облыс көлемінде 411 пәтер заңсыз жалға ұсынылып жатқандығы анықталып, бұл бағытта шешім қабылдау мақсатында құжаттар жинақталып, жергілікті жерлердегі Мемлекеттік кірістер басқармаларына ұсыныстар жолданды.
23 қараша 2021 ж. 94 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области