Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Партия белестері, алдағы асулар

Партия белестері, алдағы асулар

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі ретінде өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Әлемдік өркениеттің жаңа жағдайында еліміз тұрақты экономикалық дамуға бет түзеді. Осы орайда «Nur Otan» партиясы әзірлеген 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарлама партияның бүгінгі күннің басты талаптарына жауап беретін көзқарасын білдіреді. Бұл құжатта ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруды көздейтін ауқымды шаралар қамтылған және бұл партия қолға алған реформалардың заңды жалғасы болмақ. Осы орайда Жалағаш ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында жоспарланған ауқымды шаралар жүзеге асырылып, әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.Атқарылғанжұмыстар негізінен әлеуметтік саланы дамытуға, әлеуметтік міндеттемелерді уақытылы орындауға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және аудан экономикасын әртараптандыруға бағытталған.
Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы негізінде әзірленген Жалағаш ауданы бойынша Жол картасы 7 бағытты қамтитын 87 іс-шарадан тұрады. Жыл басынан бері оның шеңберінде ауданда ауқымды жұмыстар атқарылды.

Жол картасындағы басым бағыттардың қатарына экономикалық әлеуетті жақсарту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасау, шалғайдағы елді мекендерді көркейту, экологиялық ахуалды жақсарту, жол және көлік құрылымы, қоғамдық қауіпсіздік, жастарды қолдауды енгіздік. Жол картасындағы индикаторлардың орындалуын бақылауға партияның аудандық мәслихаттағы фракциясының барлық мүшелері жауапты. Сонымен бірге Елбасының қаулысына сәйкес, партия филиалының жанынан 7 аумақтық қоғамдық кеңес құрылды. Бүгінде бұл кеңестер өзінің тиімділігін көрсетіп отыр.

Бүгінгі таңда шағын және орта кәсіпкерлік экономиканың негізі екені белгілі. Бұл саланы дамыту бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылып келеді. 2021 жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында 259 жоба 2,5 млрд. теңгеге қаржыландырылып, 312 адам жұмыспен қамтылды.Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар және жеке секторлар арқылы 2021 жылдың 9 айында7,3 млрд. теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 82,1 пайызға артықорындалды. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі шаруашылықтардың күріш ақтау есебінен 2,1 есеге өсіп, 5,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді.
Аса маңызды мәселенің бірі – халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда аудан тұрғындары толығымен орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.Алдағы жоспарда Жалағаш кенті, Аққұм, Мәдениет елді мекендерінің өсу динамикасына сәйкес ауыз су желісін кеңейту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттар дайындалды.2022 жылға республикалық бюджеттен қаржы бөлуге жобалар мақұлданып тұр.
Аудан көлемінде республикалық маңызы бар 50 шақырым, облыстық маңызы бар 91 шақырым автомобиль жолдары қанағаттанарлық жағдайда.

Аудандық маңыздағы 120,7 шақырым автомобиль жолының қазіргі таңда 21,4 шақырымы жөндеуді қажет етеді. Биылғы жылы Жол картада жоспарланған аудан бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолының 21,7 шақырымына 614,0 млн теңгеге, елді мекендердің ішкі жолдарының12,9 шақырымына 551,1 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ауылдық елді мекендердің электр жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның жарғылық қорын ұлғайтуға облыстық бюджеттен 2019-2021 жылдары аралығында барлығы 373 млн. теңге бөлінді.Бөлінген қаржыға сәйкес2019 жылы – Аққыр және Жаңадария, 2020 жылы – Мәдениет, Аққұм, Жаңаталап, биыл Бұқарбай батыр елді мекенінің электр жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.Сондай-ақ, биылғы жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 137,5 млн. теңгеге Жалағаш кентіндегі Абай, Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Желтоқсан көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.Аталған саланы дамыту жөніндегі жоспарда 422,0 млн теңгеге Есет батыр, Қаракеткен, Мырзабай ахун, Мақпалкөл, Ақсу елді мекендерінің тозығы жеткен электр желілері мен құрылғыларын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Биылғы жылы Жол карта аясында ауданда жүзеге асқан үлкен әлеуметтік жобалардың бірі –халықтың көптен күткен Жалағаш кентінің газдандыру жұмыстары толық аяқталып, кент тұрғындары көгілдір отынды пайдалана бастады. Жобаның жалпы құны 3 млрд. 691 млн. теңгені құраған. Бүгінгі күнге Жалағаш кентіндегі тұрғын үйлердің (3155 отбасы) 48 пайызы (1500 тұрғын үй) газ желісінеқосылды. Әлеуметтік нысандардан №202 орта мектептің және орталық аурухананың жылу жүйесі орталықтандырылған газ желісіне қосылды.

Аудан бойынша халық саны 35 267 адамды құрайды, оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 14664(жұмыссыздар-752).Жалпы жұмыссыздық деңгей 5,1 пайызды құраса, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайызды құрап отыр.2021 жылдың 9 айында1985 жаңа жұмыс орны ашылып, жылдық жоспар 147,9 пайызға орындалды (оның ішінде 1023-і тұрақты).Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке есепті мерзімге70,1 млн. теңге қаржы бөлініп, 322 отбасыға (1853 адам) төленді.

Ауданда білім беру саласын дамытуға байланысты бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту басты назарда. Ауданда апатты жағдайдағы мектеп мәселесі шешілген. Биыл Таң ауылындағы орта мектеп ғимаратына бөлінген 333,1 млн. теңгеге, Есет батыр ауылындағы орта мектептің ескі ғимаратына құны 367,9 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама қолдауымен («Ауыл-Ел бесігі») Жалағаш кентінен құны 431,4 млн. теңгені құрайтын 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебін ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау саласы бойынша ауданда эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстау және барлық санитарлық талаптарды орындап, індет зардаптарын жоюдың кешенді шаралары жүзеге асырылды. Нәтижесінде былтырғы жылмен салыстырғанда жағдай біршама жақсарғаны байқалады.Екі жылдық тәжірибемізден байқалғандай барлық санитарлық талаптардымүлтіксіз орындау арқылы ғана әлемде, елімізде қалыптасқан кез-келген күрделі жағдайлардың алдын ала аламыз. Жағдай тұрақтанғанымен бұл мәселе үнемі бақылауда болу қажеттігін өмір көрсетті.

Денсаулық сақтау саласы үнемі қолдауды және заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді қажет ететін сала. Саланың материалдық-техникалық жағдайын нығайту мәселесі де күн тәртібінен түскен жоқ. Ағымдағы жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Таң ауылынан жаңадан дәрігерлік емхана құрылысы салынуда.Сонымен қатар, Есет батыр және Мырзабай ахун ауылдарынан дәрігерлік амбулатория құрылысын салу үшін жоба-сметалық құжаттар әзірлеуге облыстық бюджет есебінен қаржы бөлінді. Сондай-ақ аудан бойынша коронавирус инфекциясына қарсы екпе алуға жататын азаматтар 100 пайыз екпе алуды аяқтады.

«Nur Otan» партиясы өзінің Сайлауалды бағдарламасында бұқарлық спортты дамытуға, халықтың жаппай спортпен шұғылдануы бағытында да нақты межелерді жоспарлап отыр. Осы мақсатта Жол карта аясында жерлесіміз Қайыржан Құлтекеновтың жеке қаражаты есебінен Жалағаш кентінде құны 307 млн. теңгені құрайтын жабық бассейн кешені салынып, пайдалануға берілді. Кешенде 19 адам жұмыспен қамтамасыз етіліп, үйірмеге 100-ге жуық балалар қатысып, күніне 30 адамға дейін ақылы қызмет көрсетуде. Аудан орталығынан демеушілік қаражат есебінен балаларға арнап спорт және ойын алаңы салынып, пайдалануға берілді. Аудандық бюджеттен бөлінген 14 млн. теңгеге 3 шағын спорт алаңы салынды. Жалағаш кентінде жалпы құны 471 млн теңгені құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенініңқұрылысына 217,3 млн. теңге қаржысы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылы нысан пайдалануға беріледі. Жыл аяғына дейін кент орталығынан«Айбар-Ш» ЖШС демеушілік есебінен балаларға арналған Стритбол алаңысалынып, аудан тұрғындарының игілігіне беріледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2021 жыл «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жарияланды. Тәуелсіздік – халқымыздың баға жетпес асыл қазынасы, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалар теңдессіз байлығы.Осыған орай, биылғы жылы жоспарланған барлық іс-шаралар «Жасампаздыққа толы жылдар» тақырыбында Тәуелсіздіктің басты жетістіктері мен құндылықтарын айшықтай отырып өткізілуде.Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту ретінде Жалағаш кентінде құны 58,3 млн. теңгені құрайтын Рәміздер аллеясы салынып, мереке қарсаңында пайдалануға беріледі.

Бабаларымыз бірлік болмай, тірлік болмас деген. Ең бастысы – елдің тыныштығы мен береке-бірлігі. Елде тыныштық пен бірлік болса, алдағы уақытта да аудан экономикасының қарқынды дамуына құтты қадамдар жасалып, партиямыздың сайлауалды бағдарламасы аудан халқының қолдауымен жүзеге асырыла беретін болады.

Асылбек ШӘМЕНОВ,

«Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы,

аудан әкімі
25 қараша 2021 ж. 108 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области