Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағаш кентіндегі тұрғын үйлердің 48 пайызы газ желісіне қосылды

Жалағаш кентіндегі тұрғын үйлердің 48 пайызы газ желісіне қосылды

Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылы ауданда жүзеге асқан әлеуметтік жобалардың бірі – халықтың көптен күткен Жалағаш кентінің газдандыру жұмыстары толық аяқталып, кент тұрғындары көгілдір отынды пайдалана бастады.

Жобаның жалпы құны 3 млрд. 691 млн. теңгені құраған.
Бүгінгі күнге Жалағаш кентіндегі тұрғын үйлердің (3155 отбасы) 48 пайызы (1500 тұрғын үй) газ желісіне қосылды. Жеке секторды орталықтандырылған газ желісіне қосуға арнайы рұқсаты бар 12 жеке кәсіпкер өз қызметтерін ұсынуда.

Әлеуметтік нысандардан №202 орта мектептің және орталық аурухананың жылу жүйесі орталықтандырылған газ желісіне қосылды. Алдағы уақытта аудандағы әлеуметтік нысандар кезең-кезеңмен газ желісіне қосылатын болады.

Ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған газ желісімен қамтамасыз ету қолға алынады. Биылғы жылы Ақсу елді мекенін газ желісіне қосуға жоба-сметалық құжаттар әзірлеуге аудандық бюджеттен 9,2 млн. теңге қаржы бөлінді.
25 қараша 2021 ж. 88 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области