Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Автогаз бағасы тағы да қымбаттады

Автогаз бағасы тағы да қымбаттады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның кейбір өңірінде автогаз бағасы тағы да қымбаттады, деп хабарлайды Stan.kz.

Мәселен, Маңғыстау облысында осыдан екі апта бұрын 80 теңге болған сұйық отын қазір 85-90 теңгеден сатылып жатыр. Бағаның бұлай күн сайын құбылуына жүргізушілер наразы. Олар автогаздың қымбаттауынан такси бағасы өсіп, азық-түлік құны шарықтайды деп ашынып отыр. Ал жауаптылар болса газ бағасын ұстап тұруға қауқарсыз екендерін айтады.

«Маңғыстауда тұрып осындай бағамен газ сатып алған халыққа қиын болады. Маңғыстауда шығып жатқан газ арзан болу керек. Халыққа қиын», – дейді Маңғыстау облысының тұрғыны Ералы Мәмбетов.

Жүргізушілер газды пайдалана алмай отырғандарына наразы.

«Қалтамыздағы тиынымыз ауыспайды. Жерімізден шыққан газды халық дұрыс пайдалана алмайды. Тегінді былай қойып, 50-60 теңгеге ала алмай отырмыз. Бұлай қыса берсе, халық көтерілетін шығар», – дейді Маңғыстау облысының тұрғыны Түгелбай Бөрібаев.

Жүргізушілердің айтуынша кейбір бекеттерде газ таусылған. Ал барлары тек талонмен таратып жатыр дейді.

Алайда жауаптылар өңірде газ тапшылығы жоқ екенін алға тартты. Шенеуніктер бағаның қымбаттауы көгілдір отынның электрондық сауда арқылы сатылуына байланысты дейді. Қазір сұйытылған газдың 70 пайызы осы әдіс арқылы саудаланып жатыр екен. Қаңтарда автогаз 100 пайыз электронды сауда алаңына шығарылады. Сол кезде бағаны нарық реттейді.

«1 қаңтардан бастап түгелдей өнім 100 пайыз электрондық сауда алаңы арқылы сатылатын болады. Соған байланысты алдағы уақытта баға саясаты ұсыныс пен сұраныстың арақатынасынан туындап, соған байланысты баға қалыптасатын болады. Нақты айтатын болсақ алдағы уақытта мына бағаны нарықтың өзі реттейтін болады. Басқа облыспен салыстырғанда біздің өңірде баға төмен», – дейді Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев.

Жалпы Маңғыстау облысы айына 18 мың тонна сұйытылған газ тұтынады. Оның 14,5 мың тоннасы Жаңаөзендегі «Қазақ газ өңдеу» зауытынан алынса, қалған 3,5 мың тоннасы Атыраудан жеткізіледі. Қазір автогаз Атыраудың өзінде 110 теңгеден сатылуда. Оны Маңғыстауға әкеліп арзанға сату мүмкін емес дейді алып-сатарлар.
26 қараша 2021 ж. 176 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области