Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЕРЛЕРДІҢ ШӨЛДЕНУІ МЕН ТОЗУЫ ҮДЕРІСТЕРІНЕ ҒАРЫШТЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

ЖЕРЛЕРДІҢ ШӨЛДЕНУІ МЕН ТОЗУЫ ҮДЕРІСТЕРІНЕ ҒАРЫШТЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ


    Арал өңірі аймағының экологиялық проблемаларын зерттеуге заманауи технологияларды енгізу, сондай-ақ оларды оқу үдерісінде пайдалану Қызылорда облысын тұрақты дамытудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
    2018 жылдың 21-23 ақпаны күндері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамына мамандар біліктілігін арттыру және қайта даярлау бөлімінің ұйымдастыруымен «Жерлердің шөлденуі мен тозуы үдерістеріне ғарыштық мониторинг жүргізу» бағдарламасы бойынша семинар өтті.
    Семинарға қатысушылар өте маңызды дағдыларды - ғарыштық мониторингті және  http://geomonitoring.kz/.  геопорталын пайдаланып, жерлердің шөлденуі мен тозуы үдерістерін зерттеу әдістерін үйренді.
    Жерлердің шөлденуі мен тозуы үдерістерінің ғарыштық мониторинг әдістемесін  «Қазақстандық ГАЖ және АЗ агенттігі» ЖШС -ң директоры Светлаков Валерий Рашидовичтің жетекшілік етуімен әзірледі. Курс жаттықтырушысы –  Рысмахан Гаухар, ГАЖ жетекші маманы.
    Бұл әдістеме ҒЭҚ-БҰҰДБ шөлді эко жүйелерді сақтау жобасы аясында жарыққа шығарылды және Арал-Сырдария мен Іле-Балқаш аймақтарындағы жерлердің  шөлденуі мен тозу үдерістерінің негізгі индикаторлары бойынша құнды ақпаратты көрсетеді.
    Профессор-оқытушылар құрамы оқу үдерісі мен ғылыми жұмыстарында Қазақстанның шөл және шөлейт экожүйелерінің жағдайын зерттеудің ғарыштық әдістерін пайдаланып, өздерінің геопортал арқылы ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісе алады.




02 наурыз 2018 ж. 587 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области