Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі затын тасымалдаған тұрғын ұсталды

Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі затын тасымалдаған тұрғын ұсталды

Kyzylorda-news.kz.  «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында желтоқсан айының 1 күні кешкі уақытта Қызылорда облысының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция ротасының инспекторлары «Самара-Шымкент» тас жолының 1323 шақырымында жол қозғалысы ережесін сақтамай, белгіленген жылдамдықты асырған «Лада-Ларгус» маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан жолаушыға тиесілі 1 сөмке және 1 үлкен қапшықтан ірі мөлшерде ерекше иісі бар шөп алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат 24 келі «кептірілген марихуана» екендігі анықталды.

Оқиға орнында күдікті 43 жастағы облыс тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Көрсетілген баптың санкциясында – үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Есірткімен айналысу ауыр және аса ауыр қылмыс санатына жатады.

«Қазіргі таңда күдікті азамат Арал ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынып, тергеу жүргізілуде»,- деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.
02 желтоқсан 2021 ж. 189 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области