Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Халықаралық мүгедектер күні: Қызылордада «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы өтті

Халықаралық мүгедектер күні: Қызылордада «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы өтті

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне орай «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы өтті.

«Тең қоғам» орталығы мен «Жылы жүрек» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен өткен шараға 60-қа жуық мүмкіндігі шектеулі жан қатысты.

Шара барысында тағдырлас жандар өз өнерлерін ортаға салып, оларға арнайы дастарқан жайылды.

Акцияға қатысқан Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаева ерекше жандардың қоғам назарынан тыс қалмайтынын жеткізіп, қашанда қолдау болатынын атап өтті.

«Қоғамдағы ерекше жандар ешқашан өздерін жалғыз сезінбеуі үшін, түрлі шаралар ұйымдастырылып, тағдырлас жандардың бір-бірімен сұхбаттасуына мүмкіндік жасап тұрамыз. Сондай шаралардың бірі бүгін 3 желтоқсан – халықаралық мүгедектер күніне орай ұйымдастырылды. Оларға арнайы дастарқан жайылып, өнерлерін ортаға салды. Біздің мүмкіндігіміз шексіз, әнді де айтып, биді де билеп, жүрекжарды жыр шумақтарымызды арнап ерекше кеш өткіздік» – дейді «Жылы жүрек» жастар қоғамдық қорының директоры Сағатбек Қуанышбайұлы.

Айта кетейік, қоғамдық жұмыстарда белсендідігімен көзге түскен 15 мүмкіндігі шектеулі жан ұйымдастырушылардың арнайы Алғысымен марапатталды.



03 желтоқсан 2021 ж. 60 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области