Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында барлық аудан орталықтары табиғи газға қосылды

Қызылорда облысында барлық аудан орталықтары табиғи газға қосылды

Kyzylorda-news.kz. Биыл Қармақшы, Жалағаш, Сырдария ауданының орталықтарында газдандыру жұмыстары толық аяқталып, 46 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізді. Ал, Шиелі ауданы Н.Бекежанов, Қодаманов елді мекендеріне табиғи газ беріліп, 6 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынның игілігін көруге мүмкіндік алды. Қазалы ауданы Қазалы қаласын газдандыру жұмыстарын осы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Жоламанов мәлімеді.

Бүгінде облыстағы 232 елді мекеннің 13-і көгілдір отынды пайдаланып отыр. Сондай-ақ, 2021-2023 жылдары Наурыз, Махамбет елді мекендерін газдандыру жұмыстары жоспарлануда. Биыл жобаны бастауға республикалық бюджеттен 500 млн. теңге қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Ерлан Ералыұлының айтуынша, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Шиелі ауданы Алғабас, Ақмая елді мекендерін және Тереңөзек кентінде жобадан қалып қойған көшелерді газдандыру жұмыстарына ағымдағы жылы бюджеттен 875,5 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Сонымен бірге, Жаңақорған ауданы Бірлік, Қыраш елді мекендерін газдандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 5 млн. теңге қаржы бөлінген.

Келер жылы «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында Қазалы ауданындағы Пірімов, Жалаңтөс батыр, Басықара елді мекендерін газдандыруға қаржы қарастыру жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда, Қармақшы ауданы Төретам және Ақай елді мекендерінің, Арал ауданындағы Сексеуіл кентіне және Шиелі ауданындағы Шоқай елді мекенінде АГТС орнатуға жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
06 желтоқсан 2021 ж. 117 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области