Арал ауданында 61 жастағы азамат іздестірілуде
Kyzylorda-news.kz. Арал ауданында 61 жастағы азамат үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, хабар ошарсыз кеткен.
Арал қаласындағы Алтынсарин көшесі 18 үйдің тұрғыны Көшекбаев Жәмет Нағашыбайұлы 4 желтоқсанда сағат 08:30 шамасында тұрғын үйінен белгісіз бағытқа шығып, содан бері хабар ошарсыз кеткен. Ол 1960 жылдың 25 қарашасында дүниеге келген.
Қазір бұл бағытта аудандық полиция бөлімі тарапынан іздестіру жұмыстарын жүргізілуде. Бұл бағытта бағыт-бағдар жасалып, нұсқаулық берілген.
«Ж.Көшекбаевтың ерекше белгілері: ұлты қазақ, бойы 160-165 см, шашы ағарған, көзі көк түсті, қысыңқы, қыр мұрынды, арық денелі, бетінде майда меңдері бар, сол қолының бас бармақ саусақ үстінде «Ж» деген татуировкасы бар. Жоғалған азамат жөнінде қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Арал ауданының Полиция бөлімінің кезекші бөлімі 2-22-02 телефонына немесе 102 арнасына шұғыл түрде хабарласуды сұраймыз», – деп жазылған Арал аудандық полиция бөлімі таратқан хабарламада.