Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 3 жыл бұрын жоғалған ер адам Түркістаннан табылды

Қызылордада 3 жыл бұрын жоғалған ер адам Түркістаннан табылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының тұрғыны 2018 жылдың қазан айында 48 жастағы туған інісінің тұрғылықты үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

Аталған дерек бойынша жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Қармақшы аудандық полиция бөлімінің криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері 6 сәуірде хабар-ошарсыз кеткен азамат Түркістан облысынан табылды. Ол Түркістан қаласында вокзал маңында жүрген.

«Қазіргі таңда ол Қармақшы аудандық полиция департаментіне жеткізіліп, інісіне тапсырылды. Белгілі болғандай, жүйке ауруымен ауыратын бұл азамат алдында да үйінен кетіп қалып жүрген. Сұрастыру барысында, жоғалған ер адам осыған дейін Алматы қаласында мал шаруашылығында жүріп, мал бағып күнін көргендігін айтуда», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
07 сәуір 2021 ж. 171 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области