Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда емхана құрылысы аяқталуға жақын қалды

Қазалыда емхана құрылысы аяқталуға жақын қалды

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында құрылысы қарқынды жүріп жатқан нысанның бірі – Әйтеке би кентіндегі ауысымына 250 келушіге арналған емхана ғимараты.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындар үшін маңызы зор нысанға арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Қазіргі таңда мердігер мекеме нысанның «А» блогы бойынша жылу жүйесін жүргізу және вентиляция орнату жұмыстарын аяқтауға жақын. Ғимараттың төбесіне шатыр жабу жұмыстары да аяқталып, кафель жабыстыру, электр желісін жүргізу, ішкі есіктерін орнату жұмыстары және лифт монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «А,Б,В» блоктары бойынша ғимараттың ауа желдеткішіне құрал-жабдықтарын орнату және ауланы абаттандыру жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ғимаратты мердігер мекеменің жауапты қызметкерлерімен бірге аралап болған соң, құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу қажеттігін айтты.

08 желтоқсан 2021 ж. 125 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области