Қызылордада заңсыз қару сақтаған облыс тұрғындары анықталды
Kyzylorda-news.kz. «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында 36 жастағы Жалағаш ауданы тұрғынының сарайында ІІО тіркеуде жоқ, 12-калибрлі, 1 ұңғылы, нөмірсіз «ИЖ» аңшы мылтығынзаңсыз сақтағаны анықталды.
чОсы тектес дерек Жаңақорған ауданында орын алды. Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкері 35 жастағы аудан тұрғынының үйін тексеру кезінде ІІО-да тіркеуде жоқ, қос ұңғылы, 20 калибрлі, аңшы мылтығын заңсыз сақтағанын анықтаған.
«Анықталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482–бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, сотқа жолданады», – делінген полиция департаментінің таратқан хабарламасында.