Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Батырбек Нұрмағанбетов: Үш буынды модель тергеу сапасын жақсартты

Батырбек Нұрмағанбетов: Үш буынды модель тергеу сапасын жақсартты

Kyzylorda-news.kz.  Өткен жылы Президент Жолдауында азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін қылмыстық процестің үш буынды моделін құруды тапсырған болатын. Соған байланысты, қылмыстық заңға өзгерістер енгізіліп, қылмыстық процестің үш буынды моделі қалыптасты. Бұл азаматтардың құқықтарын 3 буынды деңгейде қорғалуын қамтамасыз ету.

«Жыл басында басталған процестің 1 кезеңі жақсы игерілді. Екінші кезеңін 2022 жылдың басында дамыту қолға алынбақ. Онда аса ауыр санаттағы қылмыстық істер бойынша прокурорлар айыптау актісін жасайтын болады. Жалпы, үш буынды модельді енгізудің бірінші кезеңінің нәтижелері қылмыстық процестегі көптеген позицияларда ілгерілеуді көрсетті. Нәтижесінде, тергеу сапасы жақсарды. Ал, сотқа жолданған қылмыстық істер бойынша ақтау үкімі және ақтау негізінде тоқтатылғандар орын алмаған», – деді облыстық прокуратураның басқарма басшысы Батырбек Нұрмағанбетов.

Айта кету керек, үш буынды модель аясында прокурорлар келіскен және бекіткен шешімдер бойынша заң бұзушылықтарға жол берілмеген. Полиция органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізетін жалпы автоматтандырылған жұмыс орны 100% қамтылды. Нәтижесінде қылмыстық іс жүргізудің электронды форматы 88%-ға жетіп, республикада үшінші орынға шықты.
10 желтоқсан 2021 ж. 157 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области