Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлшара Әбдіқалықова: Сыр өңірі Тәуелсіздік жылдарында зор табыстар мен жасампаз жетістіктерге қол жеткізді

Гүлшара Әбдіқалықова: Сыр өңірі Тәуелсіздік жылдарында зор табыстар мен жасампаз жетістіктерге қол жеткізді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Жасампаздыққа толы жылдар» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияның жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Ғалым Әміреев, облыстық мәслихаттың хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Наурызбай Байқадамов, Ұлттық ғылым академиясының академигі, облыстық мәслихат депутаты Қылышбай Бисенов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалқазбек Әжібеков, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Шәкизада Әбдікәрімов, «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы, облыстық мәслихат депутаты Сәрсенкүл Биқожа, ақын, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов, ауыр атлет Илья Ильин және облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, жоғары оқу орындарының ғалымдары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, облыстық этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері және онлайн байланыс арқылы аудандардағы зиялы қауым өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы салтанатты іс-шараға қатысушыларды еліміздің ең ұлық мерекесімен құттықтап, егемен еліміздің Тұңғыш Президентінің батыл қадамдары мен тарихи шешімдерінің арқасында және оған қолдау көрсеткен халқымыздың бірлігі мен қажырлы еңбегі нәтижесінде Қазақстан әлем мойындаған мемлекетке айналғанын атап өтті.

«Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында бұл жылдарға баға берген Елбасы: «Мен отыз жыл бойы халқымды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, қайраңға қалдырмай, әлемдік өркениеттің алдыңғы шебіне, дүниедегі ең дамыған 40 елдің қатарына қостым. Осы жылдар ішінде әлемдік ғылым мен мәдениеттің ең үздік жетістіктерін меңгерген жаңа ұрпақ қалыптасты. Жаңа елордамыз салынды. Ең үлкен табысым да, ең үлкен бақытым да осы деп санаймын», – деді. Астаналар мекені атанған, Алаш зиялылары мен ардақтыларының арманын тоғыстырған, қасиеті қымбат, көмбесі асыл Сыр өңірі, Тәуелсіздік жылдарында зор табыстар мен жасампаз жетістіктерге қол жеткізді. Бұл жетістіктеріміздің барлығы – Елбасымыздың дара жолымен, Президентіміздің басшылығымен елдің бүгіні мен болашағы үшін еңбек етіп жүрген отандастарымыздың, Сіздер мен біздердің бірлесіп атқарған істеріміздің нәтижесі, халық артқан сенімнің жемісі», – деді облыс әкімі.

Тәуелсіз Қазақстанның әлемдің саясат аренасындағы орны мен даму перспективалары Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреевтің «Қазақстан – әлем мойындаған мемлекет» баяндамасында тарқатылды. Еліміздің өңірлер арасында ынтымақтастық орнату мақсатында жасаған жұмыстарын атап өткен ол мемлекетіміз мұнан әрі де бейбіт, жасампаздық жолды ұстанатынын жеткізді.

ҚР ҰҒА академигі Қылышбай Бисенов тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақ елінің өсіп-өркендеуіне, қасиетті Сыр өңірінің тұрақты дамуына қосқан еңбегін «Тәуелсіздік тағылымы: Елбасы және Сыр өңірі» баяндамасында саралап шықты. Баяндамашы Елбасының Арал өңірін сақтап қалу, экономиканы әртараптандыру секілді аса көрегендікпен қабылдаған шешімдерінің аймағымыздың қарқынды дамуына тигізген әсерін ерекше атап өтті.

Азаттық алған жылдары халқымыздың бағындырған белестері Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Наурызбай Байқадамов «Тәуелсіздік – ұлттың тарихи тағдырында» тақырыбын салмақтап берді. Өз сөзінде көптеген жылдар бойы ата-бабаларымыз аңсаған асыл арман – ел Тәуелсіздігінің өткен шағын, бүгіні мен ертеңін талдап шықты.

Елбасы егемендіктің елең-алаңындағы «алдымен – экономика, сонан соң саясат» атты өміршең тарихи қағидаты мен сындарлы саясаты елдің экономикалық кемелденуіне жол салып, Қазақстанның терезесі тең, керегесі кең мемлекетке айналуына жол ашты. Сыр өңірінің экономикасының қалыптасу барысын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалқазбек Әжібеков «Қызылорда облысының экономикасы – дағдарыстан тұрақты дамуға дейін» баяндамасында сарапқа салды.

Жиында ақын, «Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясы» ЖШС құрылтайшысы Шәкизада Әбдікәрімов «Тәуелсіздік тұғырында тұрған ел» тақырыбын арқау етіп, егемендік әрбір қазаққа өр рух беріп, Сыр елінің несібесіне баланған толайым табыстарды өлеңмен өрнектеді.

Ал, «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Биқожа Тәуелсіздік жылдарындағы азаматтық қоғам қызметі мен ұлт өміріндегі БАҚ құралдарының рөлі туралы айтып, даму жылнамасымен жеткен жетістіктерді тізбеледі.

Сондай-ақ, конференция барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов пен толағай батырымыз Илья Ильин өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты.
Конференция жұмысын қорытындылаған аймақ басшысы барлық игіліктің бастауы болған Тәуелсіздіктің құндылығын сақтап, барша азаматтарды еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет етуге шақырды.

11 желтоқсан 2021 ж. 73 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области