Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сейітқали Алшынбаев: Марапат Сыр кәсіпкерлеріне жасалған қошемет

Сейітқали Алшынбаев: Марапат Сыр кәсіпкерлеріне жасалған қошемет

Kyzylorda-news.kz. «Ел тәуелсіздігіне орай берілген марапат жеке басыма ғана емес, менің халқыма, Сыр кәсіпкерлеріне көрсетілген қошемет деп білемін» «Парасат» орденінің иегері, кәсіпкер Сейітқали Алшынбаев.

Осыдан 30 жыл бұрын кәсіпкерлікке бет бұрған марапат иегері «Мемлекет маған не береді деп емес, мемлекетіме мен не беремін» деген принциппен жұмыс жасаған.

«Балапан басымен, тұрымтай тұсымен кеткен заманда, қиындықтан жеңілмей, бүгінге дейін жеткеніміз тәуелсіз елімнің, тағдырымның бізге жасаған сыйы деп білеміз. Осы уақыт аралығында қайтарымсыз қаржы есебінен 7 мектеп, 5 балабақша және бірнеше әлеуметтік нысандар салдық. Ұрпақ үшін осындай игілікті қадамға бардық. Менің есімде, алғаш рет типтік жобадағы мектепті бірінші Қалжан ахун ауылында салдық. Бюджетте ақша жоқ, зейнеткерлер зейнетақысын жинап берді, мемлекеттік қызметкерлері айлықтарын аударды, егін еккен еңбеккерлер 10-15 тонна күрішін берді. Әлі күнге дейін халықтың ықыласына тәнтімін. Құрылыс жұмыстары 8-9 ай жүрді, сонда күн сайын ауыл тұрғындары жеті күлшесін тарататын. Қорасында соңғы ешкісін сойып, құрылысшыларды қонақ қып шақыратын. Содан кейін талай құрылыс салсақ та, дәл осындай ықылас асып тасыған елді көргем жоқ, халқына басымды иемін. Осындай пейілі кең даладай елімнің тәуелсіздігі тұғырлы, халқының еңсесі биік болсын», – дейді Сейітқали Алшынбаев.
14 желтоқсан 2021 ж. 112 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области