Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. 16 желтоқанда Қазақстан территориясының басым бөлігіне антициклон ықпал етеді, сондықтан жауын-шашын жаумайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек еліміздің солтүстігі мен шығысында Солтүстік-батыс циклонның әсерінен қар жауады, жаяу бұрқасын көтеріледі. Еліміздің кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, батысында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын соғады, жел жылдамдығы – 15-20 м/с шамасында.

Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады. Оңтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын мен тұман болады, батысында жел жылдамдығы – 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының батысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аймақтарда, түнде және таңертең Түркістан, Алматы облыстарының оңтүстігінде, тау бөктерінде тұман түседі.

Түнде Атырау облысының шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, орталығында шаңды дауыл болады.
16 желтоқсан 2021 ж. 74 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области