Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Теледидарды тым жиі көру ойлау қабілетін төмендетеді

Теледидарды тым жиі көру ойлау қабілетін төмендетеді

Kyzylorda-news.kz. Теледидарды тым жиі көру мидағы сұр зат көлемінің төмендеуіне байланысты когнитивтік құлдырау мен ойлау қабілетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл туралы Колумбия университетінің Ирвинга медицина орталығының неврологы Прия Палтаға сілтеме жасап Sputnik Қазақстан жазды.

«Аз қозғалатын өмір салтының бір белгісі саналатын теледидарды тым жиі көру мидың когнитивтік қабілетінің төмендеуіне тікелей байланысты болуы мүмкін. Мұны біз жүргізген зерттеу нәтижесі көрсетті», – дейді сарапшы.

Тез қартаюға әсер ететін екінші фактор – интернетті жиі және ұзақ пайдалану. Тым белсенді пайдаланушылар физикалық белсенділіктің жетіспеушілігінен зардап шегеді, сондай-ақ компьютер мен смартфон экранынан берілетін жарықтың зарбадын көреді.

Сондай-ақ мамандар ми мен терінің қартаюына тұрақсыз ұйқы режимі, күйзеліске түсу әсер етеді деп санайды. Йель университетінің зерттеуіне сәйкес, эмоцияны дұрыс көрсетуге көмектесетін жаттығуларға қатысқандардың баяу қартаятыны анықталған.
18 желтоқсан 2021 ж. 108 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области