Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗГИДРОМЕТ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА СУ ДЕҢГЕЙІ КӨТЕРІЛУІ МҮМКІН ЕКЕНДІГІН ЕСКЕРТТІ

ҚАЗГИДРОМЕТ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА СУ ДЕҢГЕЙІ КӨТЕРІЛУІ МҮМКІН ЕКЕНДІГІН ЕСКЕРТТІ


    Қар еріп, өзен арналары қысылып, жазықтық жерлерде және таулы өзендерде беткейлі ағын пайда болуы мүмкін.
    Қазақстанның басым бөлігінде 4-7 наурыз аралығында көп жауын-жашын түсуі күтілуде, соған байланысты, қар еріп, өзен арналары қысылып, жазықтық жерлерде және таулы өзендерде беткейлі ағын пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
    4 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда облыстарында жауын-жашын (жаңбыр басым) қатты түсуі күтілуде. Соған байланысты, қар еріп, өзен арналары қысылып, жазықтық жерлерде және таулы өзендерде беткейлі ағын пайда болуы мүмкін. Су деңгейі көтеріліп, жайылуы мүмкін.
    1 наурыздағы жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) суреттері бойынша Алматы облысы территориясының 54%-да, Жамбыл облысы территориясының 27%-да, Оңтүстік-Қазақстан облысы территориясының 14%-да, Қызылорда облысы территориясының 66%-да қар жамылғысы жатыр.
    04-05 наурызда Атырау, Батыс-Қазақстан облыстары бойынша қысқа мерзімді күндізгі ауа температурасының +50C-қа жоғарылауы, жауын-шашын (қар, жаңбыр)  түсуі күтілуде. Осыған байланысты, қар еріп, өзен арналары қысылып, жазықтық жерлерде ағын пайда болуы мүмкін.
    1 наурыздағы жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) суреттері бойынша Атырау облысы территориясының 55%-да, Батыс-Қазақстан облысы территориясының 99%-да қар жамылғысы жатыр.
    6-7 наурызда Қарағанды, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарында қысқа мерзімге ауа температурасы күндіз 0+50C жылыға дейін, Шығыс Қазақстан облысында +3+80C жылыға дейін жоғарылайды. Осыған байланысты, қар еріп, өзен арналары қысылып, жазықтық жерлерде және таулы өзендерде беткейлі ағын пайда болуы мүмкін. Су деңгейі көтеріліп, су басуы мүмкін.
    1 наурыздағы жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) суреттері бойынша Қарағанды, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Павлодароблыстары территориясының 99%-да, Шығыс Қазақстан облысында 92%-да қар жамылғысы жатыр.

04 наурыз 2018 ж. 737 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области