Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада тоқ сымдарын ұрлаған қала тұрғындары қолға түсті

Қызылордада тоқ сымдарын ұрлаған қала тұрғындары қолға түсті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында ірі завод ғимаратына тиесілі қабырғаларға жүргізетін тоқ сымдарын ұрлап кеткен күдіктілер қолға түсті. Олар мекемеге 800 мың теңге шығын келтірген.

«Аталған дерек Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2 бөлігі (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен) бойынша іс тіркелді. Ақсайлық полицейлер оқиға орнына толық құрамда шығып, қылмысты ашуға бағытталған барлық шараларды жүргізді. Айналаны бір шолып, күдік тудырған аймақтардың барлығын жіті бақылады», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде екі күдікті қолға түсті. Олар 23 жастағы азаматтар болып шықты. Аз уақыттың ішінде ұсталған күдіктілер басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
22 желтоқсан 2021 ж. 168 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области