Ревакцинация қауіпті кеселден сақтануға мүмкіндік береді
Kyzylorda-news.kz. Қазіргі уақытта әлем елдері бойынша коронавирус індетіне қарсы күрес жұмыстары жалғасуда. Дегенмен, індетті толықтай ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Әлі күнге дейін ауруды жұқтырып алып жатқан азаматтар анықталуда. Оларды емдеп, денсаулықтарын қалыпқа келтіру жолында дәрігерлердің еңбегі өлшеусіз.
Covid – 19 жұқпалы вирус. Бұл дертпен ауырған адамның денсаулығы әлсіреп, иммунитеті төмендейді. Сол себепті мамандар азаматтарды коронавирусқа қарсы екпенің үшінші дозасын салдыру өте маңызды. Яғни, ревакцинация қауіпті кеселден сақтануға мүмкіндік береді.
Соңғы уақытта коронавирус індетінің түрі өзгеріп, шетелдерде жаңа штаммдары анықталуда. Әсіресе, «Омикрон» түрі адам денсаулығына аса қауіпті, «Дельта» штамынан екі есе тез жұғатыны белгілі болып отыр. Сол себепті әр азамат ревакцинация қабылдап, сақтық шараларына мән бергені абзал.
Сонымен қатар, бүгінде көпшілігімізді балаларымыздың денсаулығы алаңдатып отырғаны рас. Осы ретте, «Pfizer» жеткіншектер мен жүкті және емізулі балалары бар аналарды дерттен қорғауға мүмкіндік береді. Аталған екпенің ағзаға ешқандай зияны жоқ, зертханалық түрде толықтай дәлелденген. Екпенің алғашқы партиясы салынды. Вакцина барлық талаптарға сай сақталуда. Сол себепті күдіктенуге, сенімсіздік танытуға еш негіз жоқ.
Гүлсара МҰХТАРОВА,
облыстық психикалық денсаулық орталығының аға мейірбикесі
облыстық психикалық денсаулық орталығының аға мейірбикесі