Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Антикор мемқызметшілерге мерекеде «сыйлық» алмау керегін ескертті

Антикор мемқызметшілерге мерекеде «сыйлық» алмау керегін ескертті

Kyzylorda-news.kz. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметшілерге «сыйлық» алмау керектігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қалалық департаменті мемлекеттік қызметшілерге мерекелер қарсаңында мүліктік немесе мүліктік емес пайда алу мақсатында «сыйлықтар» алғандары үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Ведомство мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабына сәйкес 2 АЕК-тен асатын сомадағы сыйлық пара болып есептеледі және қылмыстық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.

Ал өзге жағдайларда (егер сыйлықтың құны төмен болса) Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 676 және 678-баптарына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға немесе оларға теңестірілген адамдарға берілген заңсыз материалдық сыйақы әкімшілік жауапкершілікке себеп болады.

Сонымен қатар департамент сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу үшін бірі біржолғы ақшалай сыйақы берілетіндігін атап өтеді.

«Пара немесе келген залал сомасы 1000 АЕК (2 млн 917 мың теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық туралы хабарлама үшін сыйақы (қылмыстың ауырлығына байланысты) 30-дан 100 АЕК-ке дейін құрайды. Біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерде белгіленеді: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК; онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК; ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК; ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК; аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК», – деп атап өтеді ведомстводан.
29 желтоқсан 2021 ж. 107 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области