Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда алимент көлемі өсе ме?

Қазақстанда алимент көлемі өсе ме?

Kyzylorda-news.kz. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев алимент төлеу және өндіру жүйесіндегі өзгерістерге тоқталды.

«Алимент көлемі өсе ме? Алимент төлеу мехинзміне қатысты қандай да бір өзгерістер бола ма?», – деп сұрады журналист спикерден.

Марат Бекетаев алимент көлемі өзгермейтінін айтты.

«Алимент көлеміне байланысты ешқандай өзгеріс болмайды. Тек қана жеке сот орындаушылар өз жұмысын жақсырақ істесе алимент көбірек төленетін болды. Бірақ борышкердің ешқандай жұмысы, мүлкі жоқ болса, бұл – жеке сот орындаушының кінәсі емес, тек борышкердің кінәсі», – деді министр.

Осы брифингіде Марат Бекетаев «Ел тірегі» бастамашыл тобының неге тіркеуден өте алмай жүргенін айтты.

«Неліктен? Себебі оның негізгі ұйымдастырушысы – Нұржан Әлтаев. Ол бірнеше рет түрлі алаңдарда, түрлі форумдарда өздерін тіркеуден негізсіз бас тартылғанын мәлімдеді. Мұнда екі мәселені атап өту керек. Құжаттарын қайта-қайта ұсынғанымен, іс жүзінде өзгерметілмеген. Қайта-қайта бір жиынтықты әкеле береді. Біз анықтап көрсеткен кемшіліктерді түзетпестен 16 рет ұсынды. «Неге олай істеп жүр» деген сұрақ туындайды. Мүмкін, тіркеуден өте алмай жүрген саяси құрбанның бейнесін жасау әрекеті байқалатын шығар. Құжаттарын өзгертпестен әкеле бергендіктен, біз оны тіркеуден бас тартанымызды мәлімдеуге мәжбүрміз», – деді ведомство басшысы.

29 желтоқсан 2021 ж. 82 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области