Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда некесіз туған балаға да алимент төлеу міндеттеледі

Қазақстанда некесіз туған балаға да алимент төлеу міндеттеледі

Елімізде некесіз туған балаға да әкесінің алимент төлеп тұруы міндетті болмақ, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Светлана Бычкова айтты.
Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында баланың құқықтарын қорғау мәселесі қаралды.
Жиында Светлана Бычкова баланың құқықтарын қорғау мәселесі жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар көзделген заң жобасын таныстырған еді.
«2018 жылдың маусымында Конституциялық кеңеске үндеу жолданып, онда ер-азаматпен некеде тұрмаған аналар дүниеге әкелген балалардың бұл тұрғыда құқықтары шектелгені көрсетілген. Егер еркектер оларға алимент төлегісі келмесе, онда балалар алименттен қағылады. Сондықтан түптеп келгенде ондай балалар некедегі әйелдерден туған балалармен теңестірілген еді. Бұл ретте жағдайға байланысты нақты шарттарды сот айқындайды», - деді Мәжіліс депутаты.
Талқылау барысында Неке және отбасы туралы кодекстің 47-бабына толықтырулар енгізілетіндігі аталып өтілді. Аталған толықтыруларда ер-азамат некеден тыс туған ортақ балаларын асырау үшін оның анасының шығындарын өтейтіндігі көзделген. Сонымен қатар, дәл осы нормада сот ақша қаражатының көлемі мен төлем мерзімділігін тараптардың материалдық және отбасылық жағдайына байланысты айқындайтындығы көрсетілген.
12 наурыз 2019 ж. 546 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области