ҚҰТҚАРУШЫ – БАЛАЛАРДЫҢ КӨЗІМЕН
Балалар - бұл еліміздің болашағы. Оларға мамандық тандар алдында әр-бір ата-ана қиналатыны белгілі, соған байланысты Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері №121 орта мектептің жас-құтқарушыларына «Құтқарушы-балалардың көзімен» атты сурет салудан сайыс ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйрету.
Сайыс өту барысында азаматтық қорғау ардагері Р.Ибашев және Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау капитаны Е.Назарқұлов, Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы Халыққа хабар беру және оқыту тобының бас маманы азаматтық қорғау лейтенанты А.Сапарғалиев жас-құтқарушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері, өрт пайда болған жағдайда іс-қимыл туралы айтып өтті. Сонымен қатар балаларға өрттің қауіптілігі, оның қандай зардап, қайғы-қасірет әкелетіні және де қайғы-қасіреттен аулақ болу үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Балалар байқауға белсене қатысты. Творчестволық жұмыстарда өрт сөндірушінің қиын жұмысы, қоршаған ортаны қорғау және қамқорлық жасау туралы көптеген мысалдар болды. Жас-құтқарушылар көптеген сұрақтар қойды, сұрақтарға жауап алған сайын олардың құтқарушы мамандығы туралы мағұлматы артты.
Сайыс соңында азаматтық қорғау қызметкерлері жас-құтқарушыларға №5 өрт сөндіру бөліміне экскурсия ұйымдастырды, онда олардың назарына өрт сөндіру автокөлігі, өрт құрал жабдықтары және тыныс алу жүйелерін газ түтіннен қорғау апараттары көрсетіліп, олар туралы нақты мәлімет берді. Жас-құтқарушылар мұның бәрін ең алғаш рет көріп тұрғандықтан, мұқият тыңдап, жас-құтқарушылар өрт сөндіруші мамандығына деген қызығушылықтары арта түсті.
Экскурсия соңында қызметкерлер сайыстың жеңімпаздарын айтты. Сонымен І - орынды М.Манабекова иеленсе, ІІ - орынды Д.Айбеков жеңіп алды. Ал, ІІІ - орынды М.Маханов алды. Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар мақтау қағазымен марапатталды. ТЖ бөлімінің қызметкерлері №121 орта мектептің директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Т.Боқпановқа және сайысқа белсене қатысқан жас-құтқарушыларға алғыс білдірді.