Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНДА ЖАҢА БАСШЫ

ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНДА ЖАҢА БАСШЫ


    Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы лауазымына Намаев Бақытжан Біләлұлы тағайындалды.
    Б.Намаев 1964 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Саяси экономия», Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандықтары бойынша білім алған.
    Сонымен бірге, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
    Еңбек жолын 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институты жалпытехникалық факультетінің ассистенті ретінде бастаған.
    Өзінің еңбек жолында Бақытжан Біләлұлы жеке сектор мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының жүйесінде жауапты басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
    Осы қызметке тағайындалмас бұрын «Батуми мұнай терминалы» компаниясының бас директоры лауазымында болған.

20 наурыз 2018 ж. 653 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области