Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕУРОПАЛЫҚТАР КИІЗ ҮЙГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТУДА

ЕУРОПАЛЫҚТАР КИІЗ ҮЙГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТУДА


Көшпенділердің дәстүрлі баспанасы - киіз үйлер Еуропада танымалдылыққа ие болуда. Қоршаған ортаға зиянсыздығы, қолдануға жеңілдігі және кез келген жерге орнатуға қолайлылығы - киіз үйдің басқа да архитектуралық шешімдерге қарағанда басымдылықтары, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
«Біз кәсібімізді 1,5 жыл бұрын бастадық. Маған киіз үй жасаған ұнайды: оның пішіні, ішіндегі ахуалы - барлығы мінсіз», - деді Бельгиядағы киіз үй өндіруші Be Yurt фирмасының негізін қалаушы Стефан Климовски.
Шетелдік кәсіпкер ешқашан Орталық Азияға бармаған болып шықты, ол көшпенділердің баспанасын Интернет арқылы білген екен. Өзінің досы Янн Берлемонтпен бірге суретке қарап отырып, киіз үйдің сызбасын салып, алғашқы прототипін жасаған. Ол қысқа уақыттың ішінде сатылып кеткен.
«Бельгияда барлық ғимараттар төртбұрышты пішінде, бірақ бізге бұл ұнамайды. Біз мұны Бельгиядағы құрылыстың жаңа серпіні деп есептейміз», - деп атап өтті ол.
«Орталық Азияда жел қатты соғады, бірақ жауын-шашын аз. Біз киіз үйді биік етіп жасаудамыз. Сол үшін жаңбыр жауғанда, су тез ағып кетеді. Еуропадағы сатып алушылар оқшаулық пен ыңғайлылықты қалайтындықтан, аздап түрлендірдік. Киіз үйдің түсін де өзгерттік. Мұндағы адамдар ашық түсті жақсы көреді», - деді С. Климовски.
Киіз үйдің шаңырағы екі қабатты шыны пластиктен жасалған. Фирма клиенттің талғамына қарай мезонин, бөлмелер, ванна мен әжетхана жасай алады. Баспанаға жарық пен кәріз тартылады. Жылу органикалық отын арқылы қауіпсіз пешпен беріледі.


«Киіз үйдің бірнеше қабаты бар. Оның сыртқы қабаты - толықтай су өткізбейді. Қабырғалары мен күмбезінде ені 10-20 см болатын жылылық сақтағышы бар. Киіз үйдің іші мақтадан жасалған матамен қапталған. Едені емен мен қарағайдан жасалады», - деді шетелдік. С. Климовскидің айтуынша, Еуропада көшпенділердің дәстүрлі тұрғын үйіне деген қызығушылық артып келеді. Бүгінде олардың фирмасына көптеген тапсырыстар түсуде, осыған орай олар қызметкерлер санын арттыруға мәжбүр болған. «Киіз үйді тұрғын үй ретінде де, оған қосымша ретінде де сатып алып жатыр. Диаметрі 8 метр болатын киіз үйді 4-6 аптада жасаймыз, оны орнатуға 3-5 күн кетеді», - деді С. Климовски.
С. Климовски киіз үйлердің Бельгиядан бөлек, Францияда да танымал екендігін және онда көшпенділердің баспанасынан құралған бірнеше қонақ үй бар екендігін атап өтті. Шетелдік кәсіпкерлер Арденнада өз қонақ үйлерін ашуға ниетті.
21 наурыз 2018 ж. 1 301 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области