МҰНАЙДЫҢ ӘЛЕМДІК БАҒАСЫ ТӨМЕНДЕДІ
Лондон және Нью-Йорк биржаларында сәрсенбі күнгі сауданың нәтижесі бойынша мұнайдың бағасы төмендеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында мамырда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір баррельге 0,58 долларға түсіп, 69,53 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері бір баррельге 0,87 долларға арзандап, 64,38 доллар болды.