Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жоспардан тыс тексеруді түсіндіру туралы жиналыс

Жоспардан тыс тексеруді түсіндіру туралы жиналыс

Департаменттің мәжіліс залында барлық инженерлік-инспекторлық құрамның, Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы және аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері бастықтарының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы Ө. Сейітов пен осы басқарманың мамандарының қатысуымен жоспардан тыс тексеруді тіркеу және Бірыңғай тексеру жүйесі жаңа базасымен жұмыс істеу барысын түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді. Тексерілуге тиісті жоғары тәуекел дәрежесіне жататын 20-дан астам сауда нысаны мен 350-ден астам білім беру нысаны (мектепке дейінгі білім беру мекемесі) жеке кәсіпкерлік субъектісі тесерілуі қажет. Аталмыш жиналыста барлық ойын-сауық орталықтары мен базарлары қатаң бақылауда және ағымдағы жылдың тексеру кестесіне ендірілді, тексеру аяқталған соң нысандардың өрт қауіпсіздігі жағдайы туралы жергілікті атқарушы органы, Прокуратура органы және қоғам БАҚ арқылы ақпараттандырылатын болады,-делінді.

Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
10 сәуір 2018 ж. 461 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области