МҰНАЙДЫҢ ӘЛЕМДІК БАҒАСЫ АЙТАРЛЫҚТАЙ ТӨМЕНДЕДІ
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнай бағасы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында маусымда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір баррельге 1,16 долларға түсіп, 71,42 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері бір баррельге 1,17 долларға арзандап, 66,22 доллар болды.