ЕЛ ТІЛЕГІ ОСЫ ЕДІ
Қармақшы аудан орталығындағы «Ақ қайың» балабақшасында бүгін балабақша қызметкерлерінің қатысуымен жиын болып өтті. Онда балабақша меңгерушісі Г. Исламханова қазақ алфавитін латын қарпіне көшіру соңғы бір жыл бойы талқылаудан өткенін жеткізді. Көпшілік талқысынан өткен осы бастама жақында Елбасы Жарлығымен бекітілді.
Ол Елбасы латын әліпбиіне өту туралы Жарлыққа қол қоя отырып, болашаққа нақты қадам жасағанын айтты. Ендігі мәселе халықты ақпараттандыру, олардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып отыр.
Балабақша қызметкерлері өздерінің ұлттық жаңғырудың алтын арқауына айналатын бұл жаңалықтан тыс қалмайтындықтарын, жаңа бастаманы жүзеге асыруға атсалысытындықтарын жеткізді.