Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘКЕ РУХЫМЕН СЫРЛАСУ

ӘКЕ РУХЫМЕН СЫРЛАСУ

Әкесі Қапар Ұлы Отан соғысына аттанғанда артында қалған жалғыз тұяғы – қызы Жансая бар болғаны 4 айлық қана еді. Жансая есейген соң әкесінің жатқан жерін 30 жылдай шарқ ұрып іздеп, ақыры 2012 жылы яғни, 70 жылдан кейін бейітін іздеп тауып, әке рухымен сырласты.
  Жансая апай жары Ибрагимов Өмірзақ қажымен бірге Сырдария ауданы, Аманкелді атындағы кеңшарда ұзақ жылдар медицина саласында еңбек етіп, зейнетке шықты.
Жансая Қапарқызы 1942 жылы Арал ауданы “Ұялы” балықшылар ауылында дүниеге келген. Әкесі Оспанов Қапар Ұлы Отан соғысына аттанғанда ол бар болғаны 4 айлық сәби еді, 18 жастағы шешесі Дәрбикемен бірге әкесін танымастан сәби күйінде қала берді.
Есейген соң Жансая әкесін іздей бастады, ал шешесі Дәрбике сүйіп қосылған жары Қапарды күнде келеді деп есік жаққа қарап күтумен, Қапар соғысқа кеткеннен кейін 55 жылдан кейін бақилық болды.
Қайран майдангердің келіншегі-ай, ақтық демі біткенше, «Қапар, Қапар...» деумен өзінің үмітін, ақ босағасына, жарына деген адалдығын үзбей кетті.
  Қапардың жары Дәрбике, майданға сол “Ұялы” ауылынан Қалыбаев Сүлеймен, Байқожаев Жамал ағаларымызбен үшеуі бірге аттанғанын айтып отыратын. Ол екеуі де аман-есен елге оралып, қызмет істеді. Ал Қапардан хабар жоқ... Жансая да бойжеткен соң, Өмірзақ деген азаматқа тұрмысқа шығып, Әділет, Жанат, Дәмира, Дәулет, Әлия атты балалары дүниеге келіп, бәрі де жоғарғы білім алып жақсы азамат болып өсті.
  Бірақ, Жансаяның көңілінде әкесін іздеу бір сәт те толастамады. Отыз жылдай іздеу салды, Ленинград, Борисоглебск, Саратов, Воронеж, Смоленск, Подольск, Оренбург, Бугуруслан қалаларынан, мұрағаттар мен мұражайлардан, госпитальдардан, әскери бөлімдерден “хабарсыз кеткен” деген жауаптар келіп жатты.
 Жансаяның балалары да ержетіп, анасына көмектесе бастады. Саратов, Волгоград сапарлары...
  Ақыры әкесінің бейіті табылды, Путилово селосының әкімшілігінен Қапар Оспановтың Ленинград облысы, Киров ауданына қарасты Путилово селосында жерленгені туралы хабар жетті.
  Әкесінің жатқан жері табылған соң Жансая күйеуі Өмірзақ қажымен бірге мәңгілік мекеніне 2012 жылдың 9 мамыры қарсаңында Ленинград облысына барып, зиярат етіп қайтты. Жансая көзінің жасымен әкесінің мемориалды тақтасын сүртіп, әке рухымен сырласты. Қапардың бейітіне арманда кеткен жұбайы Дәрбикенің бейітінен топырақ алып барып жанына қойды, ал Қапардың бейітінен әкелінген топырақ Дәрбикенің бейітіне қойылды.
  Өмірзақ қажы бейіт басында Қапар Оспанұлының рухына арнап Құран бағыштады. Келген соң Қызылорда қаласында ағайындарды жинап ас берді.
  Орыстар: “Раны заживаются, но следы остаются” дегендей Жансая апай шүкіршілік деседе, жүрегіндегі жараның ізі әлі сыздайды. Әкем соғыстан аман келгенде биыл 100 жасқа толар еді, – дейді майдангер перзенті.
  Жақында, яки 2015 жылғы 19 қаңтарда №43 хатпен Жансая апай Ленинград облысы, Путилово селосының бас әкімшілігінен жеңістің 70 жылдық мерей тойына шақыру алды.
  2012 жылы оның аты мемориалдық тақтаға мәңгілік жазылғаны туралы да хат келді.
Осы орайда, “біз де де Қызылорда қаласында бір көшенің аты беріліп мемориалды тақта қойылса, соны көзімнің тірісінде көрсем”, – дейді Жансая апа өксігін баса алмай.
Иә, Ұлы Отан соғысы талай шаңырақты ортасына түсірді, талай сәби жетім, жарлары жесір қалды. Ендігі жерде шүкіршілік дейік, еліміз аман, бейбіт мәңгілік елболайық.
Ал енді Қапар Оспанов кім, жас кезінде кетті, ешкім танымайды, деген сауалдар тууы мүмкін.
  Қапар – облыстық кәсіптік техникалық білім басқармасының бастығы болған Оспанов Керімнің ағасы. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Премьер-Министрі болған марқұм Қараманов Ұзақбайдың, Қызылорда қаласының әкімі болған Қалыбаев Әбдіржанның туысы.
  Ең бастысы Отанды қорғап, келер ұрпаққа жеңіс алып беріп, өзі бақилық болған аяулы азамат, майдангер!

Нұрлыбай ҰЛЫҚБАНҰЛЫ,
Қазақстанның Құрметті құрылысшысы,
облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
ардагерлер кеңесінің төрағасы

19 мамыр 2018 ж. 745 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области