Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «РОБОТОТЕХНИКА» ЭЛЕМЕНТТЕРІН БАЛАБАҚШАДА ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

«РОБОТОТЕХНИКА» ЭЛЕМЕНТТЕРІН БАЛАБАҚШАДА ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ


Үштілділік –заман сұранысы. «Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып, жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»-деп Елбасымыз өз жолдауында айтып кеткендей, қазіргі заман ағылшын тілін талап етуде. Осы орайда, жуырда Арал ауданындағы Сартай балабақшасында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарына арналған «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың үштілділік құзіреттілігі»тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.
   Оған қатысушылар бөбекжай ішіне саяхат жасап, тәрбиешілердің шеберліктерімен дайындалған шығармашылық шеберхананы тамашалап, әр топтардағы ұйымдастырылған қызметтерге кіріп, өзара тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бүлдіршіндер туған жерімізді насихаттау мақсатында «Аралым-алтын бесігім», «Арал қаласы мұражайы» тақырыбында жоба қорғап, өздерінің Отанға, Елге, Жерге деген құрметтерін көрсетіп насихаттады.
   Семинар жұмысы бөбекжай логопеді мен әдіскерінің қатысушы педагогтерге арналған тренингімен және «Робототехника» элементтерін балабақшада пайдалану жөніндегі шебер сыныбымен тәмамдалды.
   Аудандық семинарға «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Қанатов, аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова және Арал қаласы әкімінің орынбасары П.Берсүгіровтер қатысып, өскелең ұрпақ жас бүлдіршіндерге өздерінің жүрек жарды жылы лебіздерін білдіріп, кішкентай бүлдіршіндерге ақ тілектерін жаудырды. Семинар соңында қатысушылар бөбекжай ішіне саяхат жасап, тәрбиешілердің шеберліктерімен дайындалған шығармашылық шеберхананы тамашалады.
Арал ауданы
21 мамыр 2018 ж. 2 245 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области