ҰЛЫ ДАЛА ҚАЗЫНАСЫ
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыруда жер-жерде маңызы көп игі шаралар жалғасын табуда. Сыр Елі – Жыр Елі десек, қазіргі таңда киелі өлкеде ұлттық өнерді, мәдени мұраларды насихаттау шаралары үздіксіз жүргізіліп келеді. Осы ретте «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық тарихи-өлкетану музейінде "Ұлы дала қазынасы" партиялық бағыты аясында «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының қызметкерлері және партия белсенділері аудандық тарихи-өлкетану музейінің экспонаттарымен танысты.