Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАҢА МЕКТЕПКЕ Ү.ТОМАНОВТЫҢ БЮСТІ ҚОЙЫЛМАҚ

ЖАҢА МЕКТЕПКЕ Ү.ТОМАНОВТЫҢ БЮСТІ ҚОЙЫЛМАҚ


      Жосалы кент орталығындағы жаңадан салынған №183 орта мектепке Үсен Томановтың бюсті қойылмақ. Бұл ақпаратпен Ү.Томановтың ұрпағы Асқар Томанов бөлісті.
     – Ағамыз елде беделі бар азамат болған. Ол кісінің атындағы білім ошағының жаңа үлгіде салынып, сапалы білімнің ошағына айналғанына қуаныштымын. Бұл – біз үшін зор мәртебе. Алдағы уақытта Ү.Томановтың бюсті қойылады деп жоспарлануда, – деді А.Томанов.
      Айта кетейік, таяуда ғана ашылу салтанатына облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысқан білім ошағы жаңа заманға сай үлгіде салынған. 300 орындық екі қабатты нысанды облыста сапалы құрылыс салудан алдыңғылардың бірі «Аманқұрылыс» серіктестігі орындап шықты.
Білім ошағында жаңа үлгідегі спорт залы бар. Оған қоса 21 365 дана кітап қоры бар кітапханасы мен оқу залы да оқырман қауымға қызмет етеді.
      – Жалпы кітап қорының 10 133-і оқулық болса, 8 903-і көркем әдебиет. Көне мектепте оқу залынан қиналатын едік. Мұнда бәрі бар. Технология, информатика кабинеттері де баланың қиялын жүйрік, ойын ұшқыр етер түрлі жабдықтармен толықтырылған. Электронды оқулықтарымыз да сөреде тұр. Түптеп келгенде балаларға барлық мүмкіндік ұсынылып отыр, – деді мектеп директоры Алтынша Кенжеева.
30 мамыр 2018 ж. 618 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области